Қытай миллиардер саны мыңнан асқан әлемдегі алғашқы ел атанды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай дәулеті 1 млрд доллардан асқан бір мыңнан астам адамы бар әлемдегі бірінші ел болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hurun рейтингісіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, Қытайда 1058 долларлы миллиордер бар, өткен жылы олардың саны 259 адамға көбейген.

Рейтингіге сәйкес, жалпы алғанда әлемдегі миллиордерлер саны 3228 адамға жеткен. Олардың жалпы дәулеті 14 трлн доллардан асып отыр, бұл Қытай елінің 2020 жылдағы ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті.

Alibaba Grouр-тің негізін қалаушы Джек Ма Қытайдың ең дәулетті адамдарының тізімінен шығып кетті. Қытайдың доллларлық миллиордерлерінің тізімінде бірінші орында Nongfu бөтелке суы өндірушісінің иесі Чжун Шаньшань тұр, оның дәулеті 85 млрд долларды құрап отыр, екінші және үшінші орындарды Tencent инвестициялық холдингтік компанияның негізін қалаушы Ма Хуатэн ($74 млрд) мен Pinduoduo ауылшаруашылық платформасының операторы Колин Хуан ($69 млрд) өзара бөлісті.


Соңғы жаңалықтар