Қытай мен Ресейде утиль алымы Қазақстаннан әлдеқайда жоғары - Әсемқан Досқұжанов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «СемАз» зауытының бас директоры Әсемқан Досқұжанов Қазақстанда утилизация алымының 50 пайызға төмендеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз автобус шығарамыз. Үлкен 12 метрлік автобус үшін утилизациялық алым 3 210 000 теңге болса, қазір ол 50% төмендеді, бұл – 1 600 000 теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Біз жұмысты жалғастырамыз. Автобус санын арттырамыз. Осыған дайындалып жатқан едік», – дейді Әсемқан Досқұжанов.

Сонымен қатар, ол Қытай мен Ресейде утилизациялық алым Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін баса айтты.

Спикер бәсеке болуы керек деп есептейді.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясының салдарынан автобус өндірісі құлдырап, жылына шамамен 300-400 көлік шығарылады.

«Биыл логистикалық мәселелер шешіліп, шекара ашылса, 200 үлкен және 300 шағын автобус шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз Орталық Азияға, Қиыр Шығысқа назар аударғымыз келеді. Біздің «Daewoo» маркалы автобустарымыз Владивосток, Хабаровск, Иркутск қалаларында сұранысқа ие», - деп қосты ол.

Сондай-ақ Әсемқан Досқұжанов жұмысшыларды қысқартпайтынын тілге тиек етті.

Қазір зауытта 450-ге жуық адам жұмыс істейді.

Еске салайық, бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендейтінін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар