Қытай мен Ресей арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Қытай мен Ресей арасындағы сауда айналымы 2022 жылы 29,3 пайыз артып, 190,27 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жаңа рекорд, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қытай тауарларының Ресейге экспортының көлемі 12,8 пайызға артып, 76,12 млрд долларға жетті, ал Қытайға ресейлік тауарлар импортының көлемі 43,4 пайызға өсіп, жылдық есептеу бойынша шамамен 114,15 млрд долларды құраған.

Мәлімет ҚХР Бас кеден басқармасының веб-сайтында жарияланды.


Фото: РИА Новости. Алексей Никольский
Соңғы жаңалықтар