Қытай мен Қырғызстанда жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін 00 сағат 51 минут 44 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан 574 шақырым қашықтықта солтүстік-шығыста орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.3.  MPV тербелісі -4.7. Тереңдігі 25 км.

Сондай-ақ, бүгін 00 сағат  36 минут 17 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан 180 шақырым жерде оңтүстік-шығыста орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.1. MPV тербелісі - 4.2. Тереңдігі 10 км.

Соңғы жаңалықтар