Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

None
Фото: earninginmotion.com
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қыркүйек күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Алматы уақытымен таңғы сағат 07:06-да болған.

Жерасты дүмпуінің ошағы - Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым қашықтықта Қытай мен Қырғызстан шекарасы аумағында.

«Зілзаланың энергетикалық класы 10.8. Магнитудасы - 4.7. MPV. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстікке қарай 426 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеген.

Сондай-ақ, осыдан екі күн бұрын да Қытай аумағында 4.7 магнитудалы зілзала болған еді.


Соңғы жаңалықтар