USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қытай мен АҚШ жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты

2018 жылғы 2 желтоқсан 14:31
Бөлісіңіз:
Қытай мен АҚШ жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада өткен G20 саммиті кезінде АҚШ және Қытай басшылары Дональд Трамп пен Си Цзиньпин 90 күн ішінде жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Washington Post-қа сілтеме жасап.

«Трамптың Республикалық партиядағы қызметтестері, инвесторлар, бүкіл әлемдік экономика асыға күткен келісімге Буэнос-Айрестегі іскерлік кешкі ас кезінде қол жеткізілді», - деп жазады басылым.

АҚШ президенті Қытайдың жалпы құны 200 миллиард АҚШ долларына дейінгі өнімдеріне қойылатын тарифті 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 проценттен 25 процентке дейін арттырмауға келісті. Дегенмен, егер тараптар үшайлық мораторий кезінде келісімшарт жасаспаса, келер жылдың қаңтарынан бастап кедендік баж тарифі 25% дейін шарықтайтын болады.

Қытай тарапы АҚШ-тан ауылшаруашылық өнімдерін, энергия тасығыштарды, өнеркәсіптік және басқа да тауарларды сатып алуға келісті. Сатып алу көлемі үлкен болатыны белгілі, бірақ нақты цифрлар әзірге анық емес.

Трамп пен Цзиньпин америкалық технологиялар, кибершабуылдар және кибертонаушылық салаларындағы проблемаларды шешу үшін келіссөздерді бастауға келісті.

«Бұл, АҚШ пен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа шексіз мүмкіндіктер ашатын тиімді кездесу болды. Мен үшін Төраға Цзиньпинмен жұмыс істеу үлкен құрмет», - деді Трамп кездесуден кейін.

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ пен Қытай КХДР ядролық бағдарламасы жөніндегі ынтымақтастық және Қытайдан АҚШ-қа опиоидтік анальгетик фенатилді заңсыз тасымалдауды шектеу саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізілген.

Washington Post басылымының жазуынша, биыл Вашингтон мен Бейжің арасында «сауда соғысы» басталған болатын. АҚШ Қытайдан импортталатын, жалпы құны 200 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарларға 10% мөлшерінде кедендік баж енгізген. Қытай да бұған жауап ретінде бірнеше шаралар қарастырған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT