Қытай мемлекеті Қазақстаннан ауыл шаруашылығы тауарларын алуға әзір

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай тарапы Қазақстаннан ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алуға әзір. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы барысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлім етті.

«Біз Қазақстаннан Қытайға қажетті ауыл шаруашылығы саласындағы тауарларды алуға даярмыз. Менің ойымша, бұл бағыттағы ынтымақтастықтың болашағы зор және қазіргі кезде біздің ынтымақтастықты бұдан ары қарай дамыту үшін жақсы уақыт туындап отыр», - деді ол.

Сонымен қатар ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері қытайлық бизнесмендерді Қазақстанға келіп, инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуға шақырды.

Осы орайда ол даму парктерінің жұмысына қатысу керектігін, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай бірлесе әлемнің үшінші мемлекеттерінің нарықтарына шыға алатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар