Қытай мектебіне шабуыл жасалды: 9 оқушы қаза болып, 10-ы ауруханада

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанси провинциясындағы Мичжи ауданының мектебінде қанды оқиға орын алып, 9 оқушы қаза болды, тағы 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 1990 жылғы ер азамат 27 сәуір күні кешқұрым аудандық №3 орта мектеп оқушыларына пышақпен шабуыл жасады.

Зардап шеккен оқушылардың 7-еуі оқиға орнында көз жұмса, тағы 2-еуі ауруханада жан тапсырған. Қазір дәрігерлер ауыр жарақат алған 10 оқушының өмірін сақтап қалуға тырысуда.

Жергілікті полицияның айтуынша, 28 жастағы қандықол қылмыскер көп кешікпей қолға түсті. Одан жауап алынуда. Анықталғандай, ол осы мектепте оқыған және сыныптастарынан ұдайы әлімжеттік көріп келген. Өзінің бұл әрекетін «кек алумен» түсіндірген.

Тергеу жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар