+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қытай мегаполистерінде коронавирус қайта өршіді

2020 жылғы 21 қараша 19:34
Бөлісіңіз:
Қытай мегаполистерінде коронавирус қайта өршіді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Cоңғы тәуліктерде Қытайдың Тяньцзинь және Шанхай сияқты мегаполисінде 8 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әбілқайыр Сқақов Павлодар өңірінде КВИ-дің өршуі жайлы: Жағдай бақылауда Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды Қазақстанда 710 бала коронавирустан емделіп жатыр

Ағымдағы жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша Қытайда коронавирусты жұқтырудың 16 жағдайы расталған, оның ішінде Шанхайда – 11 (шетелде жұқтырылғаны - 9, жергілікті - 2), Тяньцзиньде – 5 (барлығы жергілікті).

Тяньцзинь қаласының жаңа Биньхай ауданының барлық тұрғындары сенбіден бастап 2-3 күн ішінде коронавирустың нуклеин қышқылдарына тексеріледі. Қытай мегаполисінің шағын ауданы эпидемиологиялық қаупі жоғары аудандар санатына ауыстырылды.

Сонымен қатар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) Қашғар округінде өткен тәулікте жаңа аурудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Коронавирустың соңғы екі симптомпсыз тасымалдаушысы өткен жұмада Қашқар ШҰАА округінің ауруханасынан жазылып шықты.

24 қазан мен 20 қараша аралығында жалпы 78 науқас емделді. Олар Шыңжаң ауруханаларынан шығарылды, оның ішінде 352 симптомпсыз тасымалдаушы медициналық бақылаудан алынды.

Жалпы, Қытайда коронавирус індеті басталғаннан бері 86 адам 414 адам вирус жұқтырған, қазіргі уақытта 308 пациент емделуде, 4634 адам қайтыс болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT