Қытай, Лаос, Мьянма және Таиланд бірлесіп Меконг өзенін патрульдеуді бастады

None
None
КУНЬМИН. Синьхуа-ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Қытай, Лаос, Мьянма және Таиланд құқық қорғау органдарының қатысуымен Меконг өзеніндегі 106-шы бірлескен патрулі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың үш кемесі патрульдеу мақсатында Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының Сишуанбаньна-Дай автономиялық округіндегі Цзинха портынан шықты.

Төрт елдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзеннің негізгі учаскелерінде патрульдерді күшейту үшін Меконг өзенінің бойымен төрт күн және үш түн ішінде 600 км-ден астам жолды еңсеруді жоспарлап отыр.

Сол күні есірткіге және олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні қарсаңында бірлескен үгіт-насихат науқаны басталды.

Меконг өзеніндегі су деңгейінің көтерілуін ескере отырып, патрульдік топ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзендегі сауда және азаматтық кемелермен ақпарат алмасуды жандандырады.

Қытай, Лаос, Мьянма және Таиланд 2011 жылдың желтоқсанынан бері Меконг өзенінің бірлескен патрульдерін жүргізе бастады.


Соңғы жаңалықтар