Қытай құрылыс банкі АХҚО лицензиясын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай құрылыс банкі (China Construction Bank, CCB) «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызмет көрсетуге лицензия алды. CCB АХҚО аумағындағы өз филиалы арқылы банк қызметтері мен капитал нарығы саласындағы қызметпен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

China Construction Bank - активтер көлемі бойынша әлемдегі екінші банк және АХҚО-дағы шетелдік банктің алғашқы лицензияланған филиалы.

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) лицензиясын банк өкілдеріне АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Пекин қаласындағы «Бір белдеу, бір жол» екінші форумының алаңында табыс етілді.

«Біз жаңа Жібек жолы мен компанияларға тартымды реттеуіш режимді ұсына отырып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі географиялық орналасуымызды толық көлемде пайдалануға ниеттіміз. Еуропа мен Қытай арасындағы стратегиялық орналасуының арқасында АХҚО Еуразия аумағындағы жобалар үшін қаржылық қызметтер хабына

айналмақ», - деді Қайрат Келімбетов.

AFSA бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев АФSA қатысушылары арасында CCB-ны қарсы алуға қуанышты екенін атап өтті.
null

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы алғаш рет Жаңа Жібек жолы бойындағы ең маңызды елдердің бірі - Қазақстанда ұсынылған болатын. «Астана» филиалының ашылуы - аталған бастамаға ССВ жауабы», - деп атап өтті CCB басқарма төрағасы Тянь Голи.

Банк төрағасы, сонымен қатар, «Астана» филиалы Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты қолдау мақсатында CCB тобының барлық мүмкіндіктеріне ие болатынын айтты.

«Филиал «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жүзеге асырылуына себептесіп, Қытай мен Қазақстан өндірістік қуатының дамуы мен өзара ықпалдасуы мақсатында жоғары стандартты қаржылық ұсыныстар көрсетеді. Сонымен қатар, CCB АХҚО-да Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қаржы ынтымақтастығының жаңа платформасын құруды көздейді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар