Қытай Күн құпияларын ашу үшін ғарыш обсерваториясын ұшырды

None
ЦЗЮЦЮАНЬ. СИНЬХУА – ҚазАқпарат – Қытай жексенбі күні Цзюцюань ғарыш айлағынан күн сәулесін зерттеу үшін ғарышта орналасатын ASO-S обсерваториясын сәтті ұшырды. Бұл ұшырылым Күн құпияларын ашу жолындағы Қытайдың жаңа кезеңін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Күнді зерттеуге арналған жаңа спутник Бейжің уақытымен сағат 07:43-те Long March-2D «Чанчжэн-2G» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды және белгіленген орбитаға сәтті шықты.

Ғарышта орналастыруға арналған аталған обсерватория негізінен Күн жарқырауы, короналды масса шығарындылары және Күннің магнит өрісі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу үшін, сондай-ақ ғарыштағы ауа райын болжауға қажетті деректерді алу үшін пайдаланылады.

Бұл ұшырылым «Чанчжэн» сериялы зымыран тасығыштар үшін 442-ұшырылым болды.



Фото: Wang Jiangbo/Xinhua/Global Look Press





Соңғы жаңалықтар