Қытай компаниясы Ақмола облысында сабан өңдейтін зауыт салмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қытайлық компания Ақмола облысында ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы қытайдың «Anhui Geyi Biorefineries Industrial Park Limited» өнеркәсіптік компаниясы өкілдерінің Есіл ауданына жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Есіл ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша қытайлық инвестор аудан аумағын биологиялық массаны және оның ішінде жылына 500 мың тонна көлемінде бидай сабанын өңдейтін ірі кәсіпорын салуға әлеуеті зор деп отыр. Осы мақсатта қытайлықтар 300 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы салуға әзір. Оған қоса инвестициялық шығынды толықтай мойнына алмақ. Кәсіпорынның іске қосылуы 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 10 миллион тоннаға жуық қатты және сұйық күйдегі органикалық тыңайтқыштарды өндіруге жетеді.

1

Оған қоса, зауытта 120 миллион кВт  электр қуатын алатын 5 мың текше метр метан, Еуропа және Қытай еліне экспортқа шығаруға болатын 70 тонна биохимиялық лигнина (медицина және өндіріс саласында қолданылатын бағалы химиялық шикізат), сондай-ақ, 20 мың тонна жоғары сапалы қағаз немесе 200 тонна картон қағазбен қамтамасыз ету үшін қажетті целлюлоза өндіруге болады.

2

Жобаның артықшылығы ол ауыл шаруашылығы шикізатын экологиялық таза жолмен қайта өңдеп, экологиялық таза электр энериясын алу.

3

Жұмыс сапары барысында қытайлық делегация Есіл қаласындағы өндіріс орындарын аралап көріп, өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыратын аудан орталығының инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, логистикалық дамуына көңілдері толды.

4

Соңғы жаңалықтар