USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қытай кеденінде жөнелтілетін ағаш арасынан ұзындығы 4 метрден асатын кобра табылды

2021 жылғы 22 қараша 21:56
Бөлісіңіз:
Қытай кеденінде жөнелтілетін ағаш арасынан ұзындығы 4 метрден асатын кобра табылды

НАНКИНГ. Синьхуа – ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында Цзянсу провинциясының кеденшілері импорттық ағаш жөнелтілімінің арасынан ұзындығы 4 метр, жуандығы ересек адамның қолындай ірі «корольдік» кобра тәркіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ташкент зообағында анасы қызын аю қамалған торға лақтырып жіберді Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды Токиода ер адам үйіне келген 3 медқызметкерді атып, біреуін мерт қылды

Корольдік кобралар - әлемдегі ең үлкен және ең улы жыландар. Олар негізінен Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияда кездеседі. Жыланның бұл түрі ел аумағына енсе, адам өмірі мен экожүйесіне қауіп төндіруі мүмкін.

Кобраның шаққаны өте қауіпті, тіпті өліммен аяқталуы мүмкін. Адам дем ала алмай қалады, ал 15 минуттың ішінде алғашқы көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Чжанцзяган кедені тиісті органдарға хабарласып, одан әрі шара қолдану жөнінде нұсқау күтуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT