Қытай - Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 26 жыл толды. Осы ширек ғасырдың ішінде екі ел ынтымақтастығы берік, тату әрі сенімді әріптеске айналып отыр.

Қай салада болмасын, қазақ-қытай өзара ықпалдастығы бұған дейінгі қарым-қатынаспен салыс­тыр­ғанда, бүгінде биік шыңына көтеріліп отырған жайы бар. Жыл өткен сайын өзара сауда-саттық көле­мі өсіп, бiрлескен кәсiпорындар саны артуда. Мәдениет пен денсаулық саласында да ауыз толтырып айтар жетістіктер бар. Әсіресе, әлем мойындап отырған қытай медицинасының жетістіктері елімізде сәтті қолданылуда. Оған қоса, екі ел бейбіт мәселелерді ауызбіршілікпен шешіп, әлемде болып жатқан диплома­тиялық талас-тартыстарды реттеуде де бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. 
null

Жалпы, территориясы шекаралас екі елдің достығы мен тату көршілігінің тамыры тереңде жатыр. Сонау Ұлы Жібек жолы дүрілдеп тұрған кезде екі ел арасында сауда-саттық, дипломатиялық байланыс болғанын ешкім жоққа шығар алмайды. Жібек жолы тек сауда-саттықты ғана дамытып қойған жоқ. Ол сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы тәжірибенің, жетістіктер мен білімнің алмасуын ынталандырып, ғасырлар бойы үлкен Еуразиядағы бейбітшілік пен сұхбаттастықтың нығаюына септігін тигізді. Бұл сол ғасырларға жалғасқан достықтың нақты дәлелі.

Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы­лардың бірі болып таныған мемлекеттердің бірі. Алғашқы болып дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан да осы алып көршіміз. Сол сәттен бері Қазақстан мен Қытайдың қарым-қа­тынасы халықаралық қатаң саясаттың ықпалы мен сынақ­тарына шыдас бере отырып, сенімділік, тең құқылық, өзара тиімділік пен өзара ықпалдастық сипатын айғақтап, саламатты және тұрақты арнада жедел дамуда. Біздің елдеріміздің ара­сындағы байланыс өңірдегі және тұтастай алғанда әлемдегі тату көршілік пен достықтың шын мәніндегі жарқын мысалы болып табылады.
null

Биылғы жылы екі ел ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 26 жыл толып отыр. Өткен 26 жыл екі ел үшін әлеуметтік-экономикалық даму мен мемлекеттілік құруда адам айтқысыз табыстарға қол жеткізген,  сонымен қатар, Қазақстан мен Қы­тайдың стратегия­лық әріптестік қарым-қатынасын дамытуда тұрақты кезең болды деуге негіз бар. Әлемдегі екі жетекші, өскелең мемлекеттер ретінде біздің елдеріміз арасын­дағы қарым-қатынас қазірдің өзінде екі жақты шеңберден шығып, маңызды стратегиялық мәнге ие болып отыр. Бірінші кезекте, Қазақстан мен Қы­тай шынайы және сенімді саяси серіктестер. Саяси өзара сенім - бұл екі жақты қарым-қатынастың басты басымдығы. Осы күні екі ел арасында саяси салада да шешілмеген мәселелер жоқ. Екін­ші жақтың түбегейлі мүд­делеріне қатысты маңызды мәсе­лелерде де бір-бірін нық қол­даудан танған емес.  Біздің елде­ріміздің көшбас­шылары тек тығыз жұмыс байла­ныстарын ғана емес, сондай-ақ терең жеке достық байланыс­тарын да ұста­нып келеді.

Бүгінгі күні Қытай - Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі. Қытай бүгінде Қазақстанның аса ірі импортеріне айналған. Қытайдың Қазақстанның басты инвесторы, әрі осы елдің капи­талының қатысуы­мен республика аумағында мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Соның бірі ретінде Ақмола облысының Есіл ауданында жүзеге асырылып жатқан сабан өңдейтін кәсіпорынды атап өтуге болады. Жобаны қолға алған қытайдың «Anhui Geyi Biorefineries Industrial Park Limited» өнеркәсіптік компаниясының өкілдері ауданда аумағын биологиялық массаны және оның ішінде жылына 500 мың тонна көлемінде бидай сабанын өңдейтін ірі кәсіпорын салуға әлеуеті зор деп отыр. Осы мақсатта қытайлықтар 300 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы салуға әзір. Оған қоса инвестициялық шығынды толықтай мойнына алмақ. Кәсіпорынның іске қосылуы 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 10 миллион тоннаға жуық қатты және сұйық күйдегі органикалық тыңайтқыштарды өндіруге жетеді.

Оған қоса, зауытта 120 миллион кВт  электр қуатын алатын 5 мың текше метр метан, Еуропа және Қытай еліне экспортқа шығаруға болатын 70 тонна биохимиялық лигнина (медицина және өндіріс саласында қолданылатын бағалы химиялық шикізат), сондай-ақ, 20 мың тонна жоғары сапалы қағаз немесе 200 тонна картон қағазбен қамтамасыз ету үшін қажетті целлюлоза өндіруге болады. Жобаның артықшылығы ол ауыл шаруашылығы шикізатын экологиялық таза жолмен қайта өңдеп, экологиялық таза электр энериясын алу.

Былтырға жылы қазақстанға жұмыс сапары барысында қытайлық делегация Есіл қаласындағы өндіріс орындарын аралап көріп, өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыратын аудан орталығының инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, логистикалық дамуына көңілдері толған болатын.

Мұны өткен жылдың соңында Ақмола облысы делегациясының Қытай еліне барған  сапарының нәтижелі жалғасы екенін білеуге болады. Сол сапарда астаналық облыс Ақмола өңіріне инвестиция тарту мүмкіндіктері талқыланған еді. Нақтырақ алатын болсақ, Көкшетау қаласында жылу-энергия орталығы мен облыс аумағында қолжетімді тұрғын үй салу мəселелері сөз болды. Оған қоса, Qiwei (Чивей) компаниясы басқармасының басшысы Лю Дзяньджуа «ЖЭО құрылысымен», «Қолжетімді тұрғын үй» жобаларымен жақын танысатынын атап өткен еді. Тізе берсе Ақмола облысында қытайлық компаниялармен бірлесіп құрылған кәсіпорындар баршылық. Қытайлық кәсіп­орындар пайда таба оты­рып, өзінің әлеуметтік жауапкершіліктері туралы да ұмыт­қан емес. Алға көз тігетін болсақ, елдеріміздің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары екенін көреміз және оның болашағы аса зор екенін байқаймыз. 
nullnull

Бүгінде Қытайда жүзеге асырылып жатқан «Бір белдеу - бір жол» жобасы да Қазақ­станды дамытудың 2050 жыл­дарға дейінгі кезеңге арналған стратегиясымен үндеседі. Қазақстан мен Қытай арасын­дағы достық байланыс­тардың тереңдей түсуіне орай жыл өткен сайын екі ел азамат­тарының қарым қатынасы нығайып келеді. Екі ел арасында туризм саласы да бұрын соңды болған жоғары деңгейіне жетіп, қарқынды дамып келе жатқандығы байқалады. Бүгінде Қы­тайда мыңдаған қазақ­стандық студент білім алып жүрсе, Қытай тарапы да Қазақ­станнан оқитын студент-сти­пендиаттардың жыл сайын­ғы квоталарын арттыруда. Бұл дегеніміз екі елдің достық, дипломатиялық, сауда-экономикалық қатынасының келешегі бар екенін білдіреді.

Қазақстан мен Қытай елдерінің қарым-қатынасы өміршеңдігінің бастауы олардың дамуы екі ел халықтарының мүдделеріне түбегейлі жауап беретіндігінде жатыр. Екі мемлекеттің де ынтымақтастығы шын мәнінде  өзара пайдалы негізде жүргі­зіліп, қос тарапқа да нақтылы табыс әкелуде.

nullnull

Аслан ОСПАНОВ,

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі.

Соңғы жаңалықтар