Қытай Қазақстанға 3 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие бөлуі мүмкін

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қытай Қазақстанға 3 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие бөлуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін Астанада  өткен брифингте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Түстен кейін «Самұрық-Қазына» қоры мен Қытайдың мемлекеттік даму банкі арасында 3 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі жаңа несиелік желі туралы келісімге қол қою жарияланады деп күтудеміз. Бұл да біздің бемлекет басшыларының арасындағы келісім аясында», - деді Қ. Келімбетов.

 «Бұл - жаңадан қарастырылып отырған 3 миллиард. Біз осы қаржыға металлургия және инфрақұрылым саласындағы жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

 Қ. Келімбетовтың айтуынша, Павлодар облысындағы алюминий зауытының екінші кезегін Қытайдың Эксим банкі тарапынан қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл - ENRC компаниясының жобасы. Сондай-ақ «Қазақмыс» компаниясының бірқатар жобаларын қаржыландыру қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар