Қытай қазағы бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

None
Фото: sports.kz
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қытай құрамасындағы қазақ жігіті Данабек Байғазы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данабек Байғазы аса ауыр салмақта 1/8 финалда мысырлық Юсри Хафез Резкпен кездесті.

Юсри Хафез Резк – Токио олимпиадасына қатысқан боксшы, Африка және Африка ойындарының чемпионы, сондай-ақ Жертора теңізі ойындарының екі дүркін жеңімпазы.

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер басым дауыспен жеңісті қытайлық боксшыға берді.

Осылайша, Данабек Байғазы ширек финалға шықты.

Ол бірінші жекпе-жегінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, армениялық Давид Чалоянды жолдан тайдырған еді.

Аса ауыр салмақта қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда бокстан олимпиада және әлем чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосыновтың бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Серік Теміржанов пен Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты.

Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады.

Қазақстан құрамасынан үшінші болып Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар