Қытай KADEX көрмесіне қандай қару-жарақ алып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының павильоны 1620 шаршы метрді алып отыр. Ал қатысушылардың ішінде бірнеше ірі корпорация бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайдың солтүстік индустриалды корпорациясы (NORINCO) көрмеге «Тянь Ланг 50» зенитті зымыран кешені, AR3 пен SR5 дүркіндетіп атудың реактивті жүйесі, сондай-ақ, «Қызыл жебе» зенитті кешен сияқты әскери техниканың макеттерін алып келді. Бұдан бөлек, «ауа-жер» үлгісіне жататын ВА-7 зымырандармен бейнероликтер арқылы танысуға мүмкіндік бар.

  null 

Бүгінде NORINCO Қытайдағы құрлық, шекара, теңіз бен әуе әскеріне қару-жарақ жеткізуші ірі компаниялардың қатарына кіреді. Оның номенклатурасында бронды техника, артиллериялық қару-жарақ, оптикалық құралдар, радилокациялық құрылғылар, 5,56 - 750 мм калибрлі оқ-дәрілер және тағы басқа әскери техника бар.  

 null 

Қытайдың импорт-экспорт ұлттық компаниясы  (CPMIEC - CHINA NATIONAL PRECISION MACHINERY IMPORT & EXPORT CORPORATION) да әскери техниканың бірнеше үлгісін алып келді. Аталған компания әскери техникамен қатар ғарыш аппараттары мен құрал-жабдықтарды жеткізумен айналысады.

  null

nullАл CHINA NATIONAL ELECTRONICS IMPORT & EXPORT CORPORATION (CEIEC) қорғаныс саласындағы электрониканы жасайды. Аталған компанияның павильонында барлау, бақылау, байланыс пен радиоэлектроника құралдарымен танысуға болады. Бұдан бөлек, CEIEC қоғамдық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік жүйелерін әзірлейді.  

POLY TECHNOLOGIES ақпараттық жағынан толығымен қорғалған ұялы телефондарды алып келді. Тіпті, қауіпсіз SIM-карталар да бар. «Мәселен, қауіпсіз SIM-карталарды алдымен адамның жеке SIM-картасына жабыстыру қажет. Сосын екеуін де ұялы телефонға салады. Осыдан кейін арнайы қосымшаны жүктеу керек. Сөйтіп, ұялы телефондағы барлық жеке ақпаратты барынша қорғауға болады. Ал қауіпсіз телефонның ішінде жаңағы SIM-карта да, басқа да қорғаныс элементтері бар. Енді, ондай құрылғыларды, көп жағдайда, арнайы органдардың қызметкерлері алады. Қарапайым халық көп ала бермейді», - дейді компания басшысының Еуропа мен Азия бойынша орынбасары Ян Чуньюй.

 null null 

CHINA NATIONAL AERO-TECHNOLOGY IMPORT AND EXPORT CORPORATION (CATIC) павильонында Қытайдың жойғыш ұшақтарымен танысуға болады. Соның ішінде JF-17, JF-17B, L-15 үлгісіндегі ұшақтар бар.

null null  

Осы уақытқа дейін CATIC 2 мыңнан астам ұшақты әлемнің 30 еліне жеткізген.

null null 

Бұдан бөлек, KADEX көрмесінде CHINA AEROSPACE LONG-MARCH INTERNATIONAL CO., LTD, CETC INTERNATIONAL CO., LTD және тағы басқа қытайлық компаниялардың өнімдері бар.

 null null 

null 

Айта кетейік, Астанада V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесі ашылды. Аталған шараның ашылу салтанатына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мемлекет басшысы көрменің негізгі ерекшелігін атады. 

Көрме  26 мамырға дейін жалғасады. Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынады. Көрменің ұйымдастырушылары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ.

Соңғы жаңалықтар