Қытай халқының саны 2020 жылы 1,42 млрд адамға жетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы Қытайдың халқының саны 1,42 млрд адамға жетеді. Қытайдың халық өкілдерінің құрылтайына ұсынылып бекітілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 13-ші бесжылдық жоспарының жобасында осындай болжам жасалған.

«Қытай туу санын жоспарлау жүйесін реформалайды және бір отбасында екі бала стартегиясын іске асырады. Бұл гендерлік теңсіздікті, әрі тұрғындардың қартаюы мәселесін жояды. 2020 жылы Қытай халқы 1,42 млрд адамға жетеді», - делінген құжатта.

Ресми дерекке қарасақ, 2015 жылы ҚХР тұрғыны 1,37 млрд адам болған.

Соңғы жаңалықтар