Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Не Хайшэн мен Лю Бомин жұма күні таңертең «Тяньхэ» негізгі модулінен ашық ғарышқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл қытайлық ғарыш стансасы экипажы мүшелерінің кемеден тыс жұмыстарды орындау аясында екінші рет модульден шығуы, деп хабарлады Қытай ғарышкерлер бағдарламасының кеңсесі.

«Тяньхэ» негізгі модулінің түйіндік бөлігінің есігін Не Хайшэн 08:38-де ашты. «Фэйтянь» (Ғарышқа ұшу) скафандрын киген ғарышкерлер механикалық иінтіректе аяқ бекіткіштерді және кемеден тыс жұмыс алаңын орнатты. Ведомстводан нақтылағандай, әрі қарай олар механикалық қолдың көмегімен тағы бір кемеден тыс құрылғы орнату бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Экипаждың үшінші мүшесі Тан Хунбо әріптестеріне көмек көмектесіп отыру үшін «Тяньхэ» модулінде қалды.

Бортында үш ғарышкері бар «Шэньчжоу-12» кемесі «Тяньхэ» модулімен 17 маусым күні түйісті. Бұдан ертерек, 4 маусым күні Лю Бомин мен Тан Хунбо қытай ғарыш стансасын құру аясындағы кемеден тыс жұмыстың бірінші бөлігін сәтті аяқтаған болатын.


Соңғы жаңалықтар