Қытай ғарышқа үш жаңа спутник ұшырды

None
ВЭНЬЧАН. Синьхуа-ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Қытай Оңтүстік Қытайдың Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан үш спутник ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Шицзянь-23», «Шиянь-22А» және «Шиянь-22Б» спутниктері Бейжің уақытымен 06:00-де «Чанчжэн-7» зымырантасығышының жаңартылған нұсқасының көмегімен ұшырылды және жоспарланған орбитаға сәтті шықты.

«Шицзянь-23» спутнигі ғылыми зерттеулер мен техникалық тексеру жүргізу үшін қолданылса, «Шиянь-22А» және «Шиянь-22Б» орбитада жаңа технологияларды сынақтан өткізуге пайдаланылады.

Бұл - «Чанчжэн» зымырантасығышының 459-ұшырылымы.


Фото: news.cn

Соңғы жаңалықтар