Қытай ғалымдары «көру қуатына ие жүрек чипін» ойлап тапты - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей осы аптада шетелдегі қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ көздеріне шолуын ұсынады.

*  *  *

Үліңгірдегі мұз қала - «Ағажай-Алтай» порталы

null

Ырысты мекен Буырылтоғай ауданы десе, ең алдымен «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» дейтіндей әйгілі Үліңгір көлі еске түседі. «Үліңгір» сөзінің әуелгі атауы қазақ тіліндегі «Ұлы үңгір» деген сөзден шыққан дейді зерттеуші ғалымдар.  Бұл туралы  осы аптада «Ағажай-Алтай» ақпараттық порталы хабарлаған болатын.

null

«Бұл күндері «Жоңғар жұлдызы», «Шөл жазирадағы балық мекені», «Шөл жазирадағы меруерт көл» сынды көркем теңеулі аттарымен қоса, Шынжаңдағы екінші үлкен көл, Қытайдағы он ірі тұщы көлдің бірі саналған Үліңгір көлінің  жалпы аумағы 1047 шаршы шақырым, балық өсірілетін су айдыны 1 миллион 700 мың мудан (113333,33 гектар - авт.) асып, Шынжаңдағы ең үлкен балық базасы саналады. Қытымыр қыстың қылауы қайтып, көгілдір көктемнің көзі көрінген наурыз айының соңын ала, Үлңгір көлінің көбесі сөгіліп, мұз қыртыстары еріген сәтте таңғажайып көркем көріністерді қалыптастырады. Ендеше, әуесқой фотограф Ермұрат Әденұлы түсірген «Үліңгірдегі мұз қала» атты көркем суреттерді тамашалаңыздар» деп жазады аталған ақпарат көзі.  

nullnull

Қытай ғалымдары «көру қуатына ие жүрек чипін» жасады - «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы

null

Дұңнан университеті биология ғылымы мен медицина институтының биологиялық электрондық ілімі мемлекеттік зертханасындағы профессор Жау Юанжинның жетекшілігіндегі топ «Жүрек чипін» жасағандығын қоғамға жариялаған.

Аталған түсін құбылту қасиетіне ие чип дене сыртында тұрып-ақ, жүрек бұлшық еті клеткасының соғуы мен жиырылуына реакция бере алады. Болашақта, ғалымдар бұл техниканы биологиялық органның орнына алмастырып, түрлі дәрілердің адам ағзасына болған әсерін бақыламақ екен.

Зерттеуші ғалымдар хамелеоннің түс өзгертуінен шабыт алып, микрочипке оптикалық желімді құрылым орналастырған. «Бұл желім жүрек бұлшық еті клеткасымен біріктірілген. Бұл ретте жүрек бұлшық еті жирылып-созылғанда желімнің түсінде де өзгеріс болады. Зерттеушілер дәрі тұтынғаннан кейін, жүрек бұлшық етінің соғу жағдайын түстің озгеруі арқылы байқап, соған сәйкес дәрінің адам жүрегіне болған ықпалын бақылай алады» деп жазады портал.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жетістіктері - kaznews.mn

null

Өткен ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде кезекті төраға ауысты. Қазақстан әлемдегі ең басты халықаралық ұйымның негізгі органында бір ай басшы болуынан кейін өз орнын Кувейтке берді. Қазақстанның бір айлық төрағалығы кезеңінде ҚК кейбір мүшелері жылдар бойы қол жеткізе алмаған жетістіктерге жетті. Әлемдік саясаттағы Қазақстанның  қол жеткізген жетістіктеріне  байланысты бұндай шағын мақала Моңғолиялық kaznews.mn ақпараттық порталында жарияланған болатын.

Моңғолиялық ақпарат көзі Қазақстан әлемдік текетірестердің қарқынын бәсеңдетуге үлес қосып, қарулы қақтығыстардың алдын алуға талпынғанын айтады, сондай-ақ оның нәтижесі болып жатқанын да еске салады.

«Қазақстан төрағалық кезінде жалпыға ортақ қауіптер мен қатерлерді талқылауға салды. Ауғанстан тарапынан туындайтын қауіп те солардың қатарында. Ауған мәселесіне Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің жеке отырысын арнады. Ең бастысы, ресми Астана ұйым мүшелерінің назарын осы мәселеге аударта білді. Оған дәлел, 2010 жылдан бері алғаш рет БҰҰ ҚК өкілдері Ауғанстанда ресми іс-сапармен болды. Қаңтардың 13-15 аралығында Кеңестің барлық 15 мүшесі елшілерінен құралған делегация сол елде болып жатқан оқиғаны өз көздерімен көріп, бағалап тиісті шешім қабылдау үшін Кабулда жиналған еді» деп жазады kaznews.mn.

Сонымен қатар, бұл мақалада ғаламдық қақтығыстарда жаппай қырып-жою қаруларының, келісімге әрқашан келе бермейтін шынайы қарақшылардың қолына түсіп кетпеуі туралы Қазақстан Президентінің айтқан сөзі туралы жазған. 

«Бұл жерде мәселе жаппай қырып-жою қаруының санында, не болмаса таралу аймағында емес, ең маңыздысы сол қарудың бар болуы. Қазақстан Президентінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде айтып өткеніндей, аталған қаруға ие мемлекеттер санының артуы оның лаңкестер қолына өту қатерін ұлғайтады. Яғни келісімге әрқашан келе бермейтін шынайы қарақшылар. Оларға ядролық қаруды иемдену, қарапайым қарумен соғысудағы жеңілістеріне есе қайтаруға таптырмайтын мүмкіндік. Олай бола қалған жағдайда, әлемдегі орны, қару-жарағының бар болуы немесе милитаристтік сенімділіген қарамастан,  барлығы дерлік жапа шегеді» дейді.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету асығыстықпен ресми шара деп айтылып жатады. Дегенмен, Қазақстанның тәжірибесі мәселенің іске кімнің және қалай қарайтындығында екенін көрсетеді. Аталған айда Қауіпсіздік Кеңесінде айтарлықтай даудың орын алмағандығын және барлық резолюциялар бірауыздан қабылданғандығын ескере келе, Қазақстанның бұл жұмысқа тиянақты және ойластыра дайындалғанын аңғаруға болады. Ендігі кезекте әлем қауымдастығы өз болашағы үшін үлкен жауапкершілік танытуы тиіс» деп түйіндейді автор мақаласын.

Айтматовтың «Жәмила» спектаклі Түркияның 5 қаласында сахналанады - TRT

null

  Қырғызстанда Шыңғыс Айтматовтың повесінің желісімен сахналанған «Жәмила» спектаклінің премьерасы болып өтті. Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Теледидар мекемесінің  ресми порталы хабарлады.

Бішкекте сахналанған спектакльдің продюссері - Асол Молдохматова. Премьераға әлемге әйгілі жазушының отбасы,  өкілетті елшілер,  саясат қайраткерлері,  өнерпаздар, театр актерлері,  журналистер қатысқан.  Спектакльден бұрын Айтматовтың өмірі жөнінде деректі фильм көрсетілді. «Осы шығарманы ғашық болуды,  сүюді, отансүйгіштікті, әсемдікті үйреткен ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовты және оның қаламынан шыққан туындыларды ел ішінде және шетелде насихаттау мақсатымен сахналадық» дейді Молдохматова.

«Жаңа спектакль 24 сәуір мен 5 мамыр арасында Түркияның бес қаласында сахнаға қойылады. Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРКСОЙ 2018 жылды Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялаған болатын» деп жазды Түркиялық БАҚ.

Теһран мен Астана қарым-қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты -  «Фарс» ақпарат агенттігі

null

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі екі ел қарым-қатынасының өткен жылдары сындарлы болғанын айтып, Теһран мен Астана қарым-қатынасының жаңа кезеңге аяқ басқанын мәлімдеді. Бұндай ақпарат осы аптада ирандық parstoday.com порталында жарияланған болатын. 

«Иран мен Қазақстан ие мүмкіндіктер мен екі елдің саяси-экономикалық салалардағы өзара мүдделерін назарға алатын болсақ, екі ел қарым-қатынасының болашағы зор. Иран мен Қазақстанда әртүрлі салаларда әріптестікті дамытуға жағдай жасалған. Қазіргі таңда ынтымақтастықтарды одан ары дамыту үшін ешқандай кедергі жоқ»,- дейді ИИР-ның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилу сейсенбі күні Fars ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

ИИР-ның Қазақстандағы елшісі екі елдің экономикалық ынтымақтастығы ортақ комиссиясының Астанада өткізілетін алдағы отырысына тоқталған.

«Екі ел қарым-қатынасындағы ең маңызды экономикалық өзгерістердің қатарына Иран-Түркіменстан-Қазақстан үшжақты теміржолының салынып, іске қосылуы, Иранның солтүстігінде ортақ элеватордың ашылуы, инженерлік-техникалық қызмет көрсету, тау-кен саласына өзара инвестиция салу және тікелей әуе рейстерінің санын арттыру жатады»,-деді М. Дамирчилу.

 Сондай-ақ, Иран мен Қазақстан арасында мұнай айырбасын қайта жандандыру жолында талпыныстар жасалып жатқанын, екі елдің 2017 жылғы сауда айналымының құны шамамен 500 млн долларды құрағаны, 2016 жылмен салыстырғанда өзара айналымнан өсім байқалғанын айтқан ИИР-ның Қазақстандағы елшісі тілшіге берген сұхбатында.

Моңғолиялық «МонСертф» компаниясы Қазақстанның Ұлттық аккредиттеу орталығынан сертификат алды - kaznews.mn

null

IAF Халықаралық аккредиттеу форумының толық құқықты мүшесі және (ISO/IEC 17065) Өнімдерді сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі IAF MLA көпжақты тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу орталығынан моңғолиялық «МонСертф» компаниясы халықаралық сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификатын алды.  Бұл туралы осы аптада моңғолиялық KAZNEWS ақпараттық порталы жазды.

Сертификат табыстау рәсімі 5 сәуірде Ұланбатыр қаласында өтті. Рәсімге ҚР-ның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің Бірінші хатшысы Смағұлов Нұрлан Қалиұлы арнайы қатысып, компания директоры Ганболдын Билгүүнге сертификатын табыс еткен.

null

«Қазіргі таңда компаниялар үшін ISO -мен сертификатталған болуы міндетті қажеттілік болып отыр. Себебі бұл кейбір тапсырыс берушілермен шарт жасау кезінде, іс жүзінде және көптеген тапсырыстарға қатысу үшін қойылатын талаптардың біріне айналуда. Ал, ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес компания қызметінің тұрақтылығының кепілі болады және ешқандай кездейсоқ жағдайлар ұйымның тұтынушыларға талап етілетін сапалы өнім ұсынатына әсер етпейтіне кепілдік береді» деп түйіндейді аталған ақпарат көзі.

Соңғы жаңалықтар