Қытай ғалымдары 1.1 секундта қуатталатын ерекше батарея ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Жыжияң университетінің ғалымдары 1.1 секундта қуатталатын, суық пен ыстыққа төзімді жаңа типтегі алюминий ــ графен батареясын ойлап тапты. 

Бұл туралы «Жэньминь жибао» сайты хабарлады.

Аталған батарея ыстық қа да, суыққа да шыдамды әрі бүктеуге болатын икемділігімен ерекшеленуде.

Оның бір беті графен жұқа қабыршақты, екінші беті түсті металл. Екі дана батареяны бір біріне жалғасаңыз LED шырағын жандырмақ. Ал қуаттау сиымдылығы 120mAh/g. 250 мың рет тоқтаусыз жұмыс істегеннен кейін де қосымша 91 пайыз қуат күші қалатыны анықталған. Сонымен қатар, бұл батареяны  - 40 градус суықтықтан 120 градус ыстыққа дейін қолдануға болады.

Соңғы жаңалықтар