Қытай экономикасының ахуалы бүтін әлем үшін маңызды – Ұлттық банк

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қытай экономикасы әлемдік экономикаға қаншалықты ықпалы ететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Үкімет, Ұлттық банк және жаңа агенттік арасында жұмысты үйлестіру бойынша келісім жасалады. Көктемде Мемлекет басшысының ескертулерін ескере отырып, межеленген мақсатқа жету үшін барлық шара қолданылатын болады. Басты сын-қатерлер жайлы жылдың басында айтылған болатын. Қазақстан экономикасының құрылымы әлі де шикізат саудасы болып тұр. Бағалардың тұрақсыздығы осыдан шығып жатыр. Енді, биылғы басты сын-қатер Қытай экономикасының ахуалынан болмақ», - деді Е.Досаев.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қазақстанның Еуроодақ, Ресей, Қытай сияқты 3 ірі серіктесі бар. Олар Қазақстан тауары, шикізаты сатылатын негізгі нарықтар болып табылады.

«Қытай экономикасының ахуалы Қазақстан үшін ғана емес, барлық әлемге маңызды. Нарықтағы қауесеттер әрдайым қандай да бір өзгеріс енгізіп отырады. Азия биржалары ашылғаннан кейін 8 пайызға құлдырап кетті. Менің ойымша, көршіміздің жай-күйін мұқият бақылауға алу керек. Соған сәйкес ақша несие бойынша іс әрекет жасау қажет», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар