+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды

2021 жылғы 16 қазан 10:40
Бөлісіңіз:
Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Шэньчжоу-13» пилоттық кемесі «Тяньхэ» ғарыш стансасының модулімен түйісті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қытай Ұлттық ғарыш басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Шэньчжоу-13» кемесі Қытайдың солтүстігінде орналасқан «Цзюцюань» ғарыш айлағынан жергілікті уақытпен сағат

00:23-те ұшырылды. Кемені орбитаға шығару үшін

«Чанчжэн-2-эф» зымыран тасығышы қолданылған. Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:56-да бортында экипажы бар қытай ғарыш кемесі «Тяньхэ» ғарыш стансасының негізгі модулімен түйіскен.

Жақын арада үш тайконавт «Тяньхэ» стансасының негізгі модуліне өтіп, стансаға қызмет етуге қосылады

Еске сала кетсек, бұл Қытайдың пилоттық екінші ғарыш кемесі, ғарышкерлер орбитада алты ай болып, ашық ғарышқа екі-үш рет аттанады.

Қыркүйек айында орбитаға кезекті миссияның ғарыш стансасында ұзақ уақыт болуын қамтамасыз етуі үшін азық-түлік және арнайы жабдықтар тиелген жүк кемесі жіберілген.

Бұған дейін «Шэньчжоу-12» пилоттық ғарыш миссиясы қыркүйекте сәтті аяқталды.

«Тяньхэ» ғарыш стансасы 2022 жылы жұмыс істей бастамақ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT