Қытай COVAX-ке коронавирусқа қарсы 10 млн доза вакцина жібереді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай халықаралық COVAX механизміне коронавирусқа қарсы 10 млн доза вакцина ұсынады. Мұндай мәлімдемені брифингте Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сұранысы бойынша Қытай COVAX-ке дамушы елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 10 млн доза вакцина жіберу туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады Қытай дипломаты.

Еске сала кетсек, COVAX коронавирусқа қарсы екпеге теңдей қолжетімділікту қалыптастыруды көздейтін ДДСҰ қарауындағы халықаралық механизм. Бұл механизмге 190 ел қосылды.

Бұған дейін ҚХР СІМ мәлімдегендей, Қытайдың COVAX механизміне қосылуы – «COVID-19 вакцинасын жаһандық қоғам игілігіне айналдыру міндеттемелерін орындау үшін маңызды қадам».


Соңғы жаңалықтар