Қытай блогерлеріне Қазақстанда не ұнады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда блог-тур аясында қазақ жерін 9 күн бойы аралаған Қытай блогерлері Visit Almaty туристік орталығында баспасөз мəслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың айтуынша, Қытайдағы халықтың көпшілігі Қазақстанды географиялық мəліметтер арқылы таниды. Сондай-ақ, Димаш, Астана футбол клубы туралы жақсы біледі.

9 күн ішінде олар Астана, Бурабай, Алматы қаласында болған. Алматыда Шымбұлақ, Медеу, Көктөбе жəне Көк базарға барған. Сонымен қатар, Үшқоңырда парапланмен ұшып, Шарын шатқалының табиғатын тамашалады. 

"Қазақстанға қайта оралудың бірнеше себебі бар. Əсем табиғат, ашық адамдар, салт-дəстүр, дəмді тағам, жылқының еті. Біз осында əлі талай келеміз», - деді блогер  Цянь Фан.

Қытайлық қонақтар сондай-ақ Панфилов даңғылындағы Наурыз мерекесін тамашалады. Көрші елден келген қонақтар Қазақстанға келудің проблемаларын да атап өтті.

"Негізгі қиындық виза алғанда туындайды. Екіншіден, көшеде ағылшын тілінде ақпарат аз. Қоғамдық орындарда дəретхана аз", - деді Сюй Яогуй.

Қытайлық блогерлер Алматының қысқы Олимпиаданы өткізудегі мүмкіндігін жоғары бағалады.

"Əрине Қытайда ресурс көп. Алайда, Алматының табиғаты таза. Маған біздің таулардан гөрі Шымбұлақ ұнады», - деді Го Чэн.

Соңғы жаңалықтар