+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қытай бірқатар шет мемлекеттен келетін жолаушылардың елге кіру талаптарын күшейтті

2020 жылғы 31 қазан 15:01
Бөлісіңіз:
Қытай бірқатар шет мемлекеттен келетін жолаушылардың елге кіру талаптарын күшейтті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайға бара жатқан жолаушылар ұшаққа отырар кезде коронавирустың нуклеин қышқылын анықтауға арналған тестке қосымша антиденелерге теріс тест ұсынуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР-ның АҚШ-тағы және Еуропаның бірқатар елдеріндегі елшіліктерінің хабарламаларына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау: Жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңартылды Алматылық дәрігер қала тұрғындарын маска режимін сақтауға шақырды Коронавирустан емделіп жатқан 200 адамның жағдайы нашар

Бұл ережелер 6-10 қараша аралығында күшіне енеді. ҚХР-дың АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Польша және басқа да бірқатар Еуропа елдеріндегі елшіліктері Қытайға ұшатын жолаушылар ұшар алдында коронавирусқа нуклеин қышқылын анықтауға арналған тестке қосымша теріс антиденелер сынағын ұсынуы керек деген мәлімдемелер жариялады.

Қытай азаматтары мен ҚХР-ға баратын шетелдіктер ұшудан 48 сағат бұрын антиденелерге сынақ тапсыруы керек. Тестілеу ҚХР-дың шетелдегі елшіліктері бекіткен мекемелерде өткізілуі тиіс. Қытайға ұшатын рейстермен баратын жолаушылар транзиттік елдерде антиденелерді қайта тексеріп, коронавирустың нуклеин қышқылын анықтауға міндетті.


Авторы Руслан Сүлейменов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT