+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді

2020 жылғы 22 қараша 18:55
Бөлісіңіз:
Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда Ресейдің Забайкальск өлкесімен шектесетін Ішкі Моңғолия (ІМАА, Солтүстік-Шығыс Қытай) автономиялық ауданының Маньчжоули қаласында ішінара локдаун енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 індетінің алдын алу және бақылау жөніндегі муниципалды жедел штабтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді Берлинде атыс болды Коронавирустан емделіп жатқан 442 науқастың жағдайы ауыр

Өткен сенбіде Маньчжоулиде жергілікті коронавирус инфекциясының екі жаңа жағдайы тіркелді. COVID-19 жұқтырғандар анықталған Маньчжоули қаласы толығымен жабылды.

Қалада жаппай іс-шараларға тыйым салынды, мектептер мен балабақшалар уақытша жабылды.

Маньчжоули әкімшілігі осы жексенбіден бастап қала тұрғындарын жаппай тестілеу науқанын бастайды, олардың саны 170 мыңнан асады. Тестілеу үш күн ішінде аяқталуы керек.

Қытай-Ресей шекарасындағы маңызды құрлықтағы логистикалық орталық саналатын Маньчжоули қаласымен жолаушылар теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды.

Жалпы, өткен тәулікте материктік Қытайда 17 адам коронавирус жұқтырды. Оның үшеуі жергілікті, 14-і шетелден келген адам.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT