Қытай билігі 4 мыңға жуық заңсыз сайттарды жапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жыл көлемінде Қытай биілігі авторлық құқықтың бұзылуымен байланысты 22 мың 568 істі әшкерелеп, 3908 заңсыз жұмыс істеп келген сайтты жапты. Бұл туралы Синьхуа Авторлық құқық жөніндегі мемлекеттік басқармаға сілтеме жасап хабарлайды.

2005 жылдан бастап, Авторлық құқық жөніндегі мемлекеттік басқарма өзге де құзырлы органдармен бірлесе отырып, жыл сайын заңсыз жүргізілетін онлайн қызметтермен күрес жүргізді. Акцияның басты нысанасы әдеби, музыкалық, ойын сайттары, видеопорталдар мен софт-порталдар және басқалар болып отыр.

«Авторлық құқық жөніндегі мемлекеттік басқарманың жіті бақылауында тұрған сайттар тізіміне 20 видеопортал, 20 музыкалық сайттар, 8 онлайн-дискілер мен 10 әдеби сайттар кірді»,-деп хабарлады Синьхуа агенттігіне әңгімелесуші.

Оның пікірінше, көп жылдардан бері заңсыз онлайн қызметтерге қарсы жүргізіліп келген науқан өзінің нәтижесін беріп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар