Қытай ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алады

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай тұрғындары жексенбіге қараған түні ай күнтізбесі - «Чуньцзе» (Көктем мерекесі) бойынша Жаңа жылды қарсы алады. Биылғы Чуньцзе мерекесі бүкіл ел бойынша ауқымды тойланбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемияға қарсы шаралардың алынып тастауына байланысты туристер ағыны мен қалалар арасындағы жолаушылар көлемінің едәуір ұлғайғаны байқалады.

ҚХР көлік министрлігінің мәліметі бойынша, Қытай тұрғындары ай күнтізбесі бойынша жаңа жылға орай маусымдық көші-қон кезеңінде 2 миллиардтан астам сапар жасайды. Бұл пандемияға дейінгі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,3% - ға артық.
Алдын ала болжамға сәйкес, Жаңа жылдық демалыс кезінде бүкіл ел бойынша кассалар шамамен 900 миллион долларға жетеді. Хэйлунцзян провинциясындағы (Солтүстік Қытай) тау шаңғысы курорттарына билеттерді брондау жылдық есеп бойынша 60% - ға өсті және Бейжің мен Шанхай сияқты ірі мегаполистердегі танымал мейрамханалардың барлығында үстелдерге тапсырыс берілген.
2023 жылдың қаңтар айының алғашқы 10 күнінде Қытайдағы ірі бөлшек сауда орындарындағы бөлшек сауда бір жылмен салыстырғанда 20%-ға өскен.


Фото: AP Photo/Joshua Paul



Соңғы жаңалықтар