Қытай ауруханалары ковид жұқтырғандар ағынына төтеп бере алмай жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Денсаулық сақтау жүйесі коронавирус жұқтырған науқастардың ағынын еңсере алмай жатыр. Ауруханаларда орын жоқ, дәрігерлерге кейде науқастарға көлікте отырып екпе салуға тура келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Желтоқсан айының басында Қытай билігі соңғы онжылдықта болған ең үлкен наразылық толқынынан кейін үшжылдық «нөлдік ковид» саясатынан бас тартты.

Мұндай шаралар ел тұрғындарының табиғи иммунитетін қалыптастыруға мүмкіндік бермеді.

Ал Қытайда жасалған вакциналар COVID-19 мутацияланған нұсқаларымен күресуде батыс вакциналарына қарағанда тиімділігі төмен болып шықты.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, тек 20 желтоқсанда бір күнде 37 миллион қытайлық коронавирус жұқтырған.

Ал тәуелсіз сарапшылар күн сайын шамамен миллион адам вирус жұқтыратынын хабарласа, ресми Бейжің айдың басынан бастап үш мың жағдай тіркелгенін айтады.


Фото: AP Photo


Соңғы жаңалықтар