Қытай аумағында бүгін екінші рет жер сілкінді

None
Фото: static.vkurse.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» 10 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 13.58-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 432 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 9.8. MPV магнитудасы – 4.1. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

Бұл бүгін Қытай аумағында болған екінші зілзала.


Соңғы жаңалықтар