Қытай армиясы командасындағы қазақ балуаны сұхбат берді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Шопырсыз автобус Шиямынде тұңғыш рет жолаушылардың пайдалануына берілді - «Жэньминь жибао»


null 

«Аболұң» деп аталатын шағын типті шопырсыз автобус ــ жолаушыларды мінгізіп алып Шиямын қаласындағы шағынауданның 3-ші көшесінде кетіп барады, - деп хабарлайды қытайлық  People Daily ақпараттық порталы.

Жүргізушісіз «Аболұң» автобусы сол күні Шиямын қаласында тұңғыш рет жолаушылардың пайдалануына берілген екен.
null 

«Аталған автобустың ұзындығы 4,3 метр, кеңдігі 2 метр, 14 адам отыруына болады. «Аболұң» автоматты түрде жол алмастырып, бұрыла алады. Көлік ішінде рулі мен шопыр отыратын орындығы жоқ. Бұл көлікке көптеген қала тұрғындары қызығушылық танытты» деп жазады аталған ақпарат құралы.
null 

800 экспонаты бар асхана мұражайы ашылды -  TRT


null 

Кахраманмарашта Дулкадироғолу муниципалитеті «Асхана мұражайын» ашты деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Кахраманмараштағы мұражай қаланың 500 жылдық асхана мәдениетін болашақ ұрпаққа жалғастырады. Мұражайда Кахраманмараштың күнделікті тұрмысын көрсететін бақыр ыдыстар, қазандар, шам, басқа да бұйымдар келушілердің назарын өзіне ерекше аударатады.

Мұражай сол өңірдің дәстүрлі үйлерінің бірінде ашылған. Осылайша өңір тұрмысы мен асхана мәдениеті өз жерінде көрсетілуде.

TRT-ның хабарлауынша, мұражайда барлығы 800 экспонат сақталған. Мәдени орынның асхана бөлімінде келушілерге ыстық сорпа мен палау ұсынылатыны туралы айтылады.

Қазақтың ұлттық ән-би театры «Ақсай арманын» сахналады - «Жэньминь жибао»


null  

Осы аптада Қытайдың Гансу өлкесіне қарасты Ақсай Қазақ автономиялы ауданындағы көрме орталығында жергілікті әртістер «Ақсай арманы» атты ұлттық қойылымды көрермендеріне ұсынған.

null 

«Қазақ ұлтының салт-дәстүрлі ән-би театры» деп аталған бұл мәдени ұжымның ұсынған осы жолғы туындысы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді дейді аталған ақпарат көзі.

null null 

Қазақстан мен Иранның сауда айналымының көлемі 70 пайызға артты - «Фарс» ақпарат агенттігі


null 

ИИР-дың Қазақстандағы елшісі Қазақстанның Премьер-Министрімен кездесуінде ағымдағы жылдың бірінші жартысында Теһран мен Астананың сауда айналымы көлемінің артқанын хабарлады, деп жазады Parstoday ақпарат агенттігі.

Аталған агенттіктің мәліметі бойынша, Моджтаба Демирчилу сенбі күні Бақытжан Сағынтаевпен кездесуінде 2018 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Тегеран мен Астана арасындағы сауда айналымы көлемінің 70 пайызға артқанын мәлімдеген.

Осы мәліметке сәйкес, екі жақ кездесу барысында әртүрлі тақырыптарды, соның ішінде жан-жақты ынтымақтастықтарды одан әрі дамытуды, әсіресе екі ел арасындағы сауда-саттық, экономика, инвестиция салу, өнеркәсіп пен тауар транзиті және тасымалдау мәселелерін талқылаған. «Олар сондай-ақ, жер асты және ауыл шаруашылығы шөгінділерін пайдалану жайлы да кеңесті. Демирчилу Қазақстан бүгінде Еуразиядағы көшбасшы елдің бірі болғандықтан Тегеран басшыларының осы елмен ынтымақтастыққа ерекше маңыздылық беріп отырғанын айтты» деп түйіндейді parstoday.com.

Чиңхай өлкесіндегі ескі моладағы ежелгі мұрағаттар ұрланған - «Жэньминь жибао»


null 

Қытайдың Ішкі істер министрлігінің басшылығындағы Чиңхай өлкелік ішкі істер органы Хынан, Санши, Жыжияң, Иүннан секілді бірқатар өлкелердегі әріптестерімен бірлесіп жақында Чиңхай өлкесі Дулан ауданындағы ескі моладағы ежелгі мұрағаттарды ұрлау фактісін  анықтаған.
null 

«Мұрағаттарды ұрлаған, ұрлауға қаржы шығарған, оларды сатуға байланыс жасаған және  сатқан әр түрлі қылмыс бойынша күдіктілер ретінде 26 адамды ұстап, 646 дана көне мұрағатты қайтарып әкелді. Сондай-ақ, мұрағаттарды ұрлаушыларды қатаң жазалап, ел ішіндегі тарихи мұралардың қауіпсіз сақталуына мүмкіндік жаратты», - деп жазады kazakh.people.com ақпарат көзі.

null null null null

Қытайдың ұлттық армиясы командасындағы қазақ балуаны сұхбат берді -  Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

null 

Қытайдың ең негізгі ұлттық армиясы Азаттық армия атынан мемлекеттік, халықаралық жарыстарға қатысып, бүкіл әскерилердің намысын қорғап жүрген қазақ азаматы Әлмұрат Дарубайұлының Қытайдағы «Орталық Халық Радиосының» әлеуметтік желісінде видео-сұхбаты жарияланды.

 Сұхбат барысында Әлмұрат жаттығулары, жақында қатысқан әскерилердің халықаралық чемпионаты туралы, балуандықтың қыр-сыры жайында кеңінен әңгімелейді. Таяу уақыт ғана бұрын Македонияда өткізілген әскерилердің әлемдік спорт бәсекесінде қытайлық армия атынан қатысқан балуандар құрамасында осы жарысқа барып қайтқан үш қазақ азаматының бірі - Әлмұрат. Одан басқа Мұратбек, Қуатбек есімді екі қазақ балуаны команда сапында өнер көрсеткенін жазады аталған ақпарат көзі. 

Әлмұрат Дарубайұлы 2013 жылы Шандұңда грек-рим күресінен мемлекеттік чемпионатта 96 келі бойынша үшінші, 2014 жылы Жинанда жастардың мемлекеттік чемпионатында 98 келі  салмақ бойынша бас жүлдені қанжығаласа, 2015 жылы Ішкі Моңғолда грек-рим күресінен халықаралық чемпионатта 98 келі бойынша бас жүлдегер, 2016 жылы Саншиде грек-рим күресінен мемлекеттік чемпионатта 98 келі бойынша тағыда бас жүлдені еншілеген болатын. Ол қазір де Азаттық армия атынан жарысқа қатынасып тұрады.

«Балуандық қазақ ұлтының қанында бар өнер, Қажымұқан, Балуан Шолақтардың ізін басып, күш пен техниканың, ақыл мен өнердің үздік үлгісін көрсетіп жүрген балуандарымыз қаншама. Бразилияда өткен олимпиядаға еліміз атынан қатынасқан Ерланбек Кәтейұлы бәрімізді қуантып, алар асуының әлі алда екенін көрсетті.  Жуырда ғана Шынжаңдағы  Моңғолкүре ауданында қазақ күресінен әлемдік деңгейде VI чемпионат өткізіліп, Еуразия мен Африкадағы 22 мемлекеттен келген 100-ден астам балуан бағын сынап, қазақ күресінің мерейін асырды. Бүгін сұхбатымызға келіп отырған Әлмұрат сынды жас балуандарымыз да, ертең ағаларының жолын қуып, биік белестерді бағындырады деп сенеміз» деп түйіндейді cnr.cn ақпарттық порталы.

Соңғы жаңалықтар