Аустралияда өлі коалалар табылды

2020 жылғы 3 ақпан, 11:13
Аустралияда өлі коалалар табылды

КАНБЕРРА. ҚазАқпарат - Аустралияның Виктория штатында 25 коаланың өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, коалалар аштықтан өлген, кейбірін бульдозер басып кеткен.

«Тірі қалған 80 коала қауіпсіз жерге жеткізілді. Австралияда өрт басталғалы бері он мыңнан астам коала өлген. Қоршаған орта министрлігі бұл жағдайға кінәлілерді жауапкершілікке тартатынын мәлімдеді», - деп жазады басылым.

Ал табиғатты қорғаушылар ұйымы жануарларға қатысты заңбұзушылық болуы мүмкін екенін болжады. Тергеу жүріп жатыр.




Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar