Қытай 8 қаңтардан бастап шекарасын қайта ашады

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай 2023 жылдың қаңтарынан бастап карантинді алып тастамақшы. Бұл туралы SCMP басылымы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Қытай 8 қаңтардан бастап COVID-19 жұқпалы аурулардың қауіптілігі жағынан А тобынан В тобына өткен кезде карантиннен бас тартып, шекарасын ашпақшы.

SCMP атап өтуінше, 2020 жылдан бастап ҚХР COVID-19-ды А тобына жатқызып жатыр. Оған тырысқақ және оба кіреді. Бұған сәйкес, науқастар изоляцияланып, дәрігерлер онымен байланысқан адамдарлы анықтайды, ал билік елді мекендерде карантин шараларын енгізеді.

SCMP Қытайдың мынадай өзгеріске дайындалып жатқанын атап өтті: ПТР-тестті тапсыру бұдан былай міндеттелмейді, ал ҚХР Денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік комитеті жексенбіден бастап күн сайын жариялайтын COVID-19 эпидемиясы туралы ақпаратын тоқтатқан.

«Мұндай ақпаратты Қытай аурудың алдын алу және бақылау орталығы анықтама және зерттеу үшін жариялайды», - делінген Қытай ведомствосының сайтында жарияланған хабарламасында.

Фото : Reuters


Соңғы жаңалықтар