+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Қытай 6G технологиясын жасап жатыр – Әлемдік баспасөзге шолу

2019 жылғы 10 қараша 15:44
Бөлісіңіз:
Қытай 6G технологиясын жасап жатыр – Әлемдік баспасөзге шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Egemen Qazaqstan» газетінің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды Астанада жылдың үздік баспасөз хатшысы анықталды Ләззат Танысбай отандық сериал өндірудегі басты проблемаларды атады

АҚШ-та нашақорлықпен күресу үшін ми импланттары қолданылмақ – ВВС

АҚШ-та нашақорлардың есірткіге тәуелділігін азайту үшін олардың миына импланттар қойылды. Бұл алғаш рет жасалып отырған тәжірибе, деп жазады ВВС.

«Он жыл бойы есірткіге тәуелді болған 33 жастағы нашақорға ми имплантын салу операциясы жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл технология жаппай пайдалауға шығаруға арналмаған», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, операция 1 қараша күні Батыс Вирджиния университетінің медицияна клиникасында жасалған. Мұндай процедура тағы үш адамға жасалады деп күтілуде. Бұл пациенттер алдағы екі жыл бақылауда болады.

«Алдымен ми сканерден өткізіледі. Одан кейін операция жасалады. Операция кезінде бас сүйегінде кішкентай тесік жасалып, мидың өз өзін бақылау және тәуелділікке жауап беретін бөлігіне көлемі бір миллиметр болатын имплант қойылады», деп жазады автор.

Оның айтуынша, АҚШта Паркинсон ауруы, эпилепсия секілді ауруларды емдеу үшін де аталған әдіс қолданылмақ. Оны АҚШтың өнімдер мен дәрілерді бақылау басқармасы мақұлдаған. Бүкіл әлем бойынша 180 мың адамға ми импланты қойылады деп күтілуде.

Смартфон қолдану балалардың миына кері әсер етеді - Focus

«Балаларына смартфон мен планшет ұстауға рұқсат беретін ата аналар саны күн санап артуда. Ал АҚШта жүргізілген жаңа зерттеу мұндай цифрлық «бала күтушінің» зиян екенін анықтады», деп жазады немістің Focus басылымы.

Цинциннати балалар ауруханасының медициналық орталығының мамандары гаджеттерді ұзақ уақыт пайдалану сөйлеу мен жазу секілді қабілеттерге жауап беретін мидың ақ затына кері әсер ететінін анықтады. Ғалымдардың зерттеуі туралы мақала JAMA Pediatrics журналында жарияланды.

«Ғалымдар 2-3 жас аралығындағы 47 баланың миын МРТ-ға түсірген. Олардың гаджеттерді пайдаланғанына қарай балалардың иындағы ақ затта өзгерістер болатыны анықталды. Күніне бір сағаттан артық сматфон немесе планшет ойнаған балалардың ми құрылымының дамуында өзгерістер болғаны байқалды», деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, ғалымдардың зерттеуі смартфондарды пайдаланудың зияны туралы болжамды дәлелдеді.

«Смартфонды қолдану бала ағзасының дамуына кері әсер етеді. Бүгінгі таңда ата аналар саналы түрде баламен уақыт өткізудің орнына оларды смартфондармен оңаша қалдырады. Тіпті, кейде тамақтану кезінде де бала смартфонмен отырады. Бұның салдары өте жаман болуы мүмкін», дейді ғалымдар.

Қытай 6G технологиясын жасап жатыр – CNBC

Қытайдың Ғылым және техника министрлігі 6G технологиясын жасау жұмыстарының басталып кеткенін хабарлады, деп жазады CNBC.

Министрлік аталған жұмысты атқару үшін екі жұмыс тобын құрмақ. Оның бірінде 6G туралы зерттеулерге жауапты тиісті мемлекеттік ведомстволар болса, екінші жұмыс тобына университет, ғылыми зерттеу институттарынан 37 адам кіреді.

«5G мобильді жүйенің келесі сатысы. Ол жоғары жылдамдықтағы интенетке, жүргізушісі жоқ көліктер мен виртуалды шындыққа мүмкіндік береді. Қытай бұл жүйені белгіленген уақыттан бір жылға ерте енгізіп, өткен айда 5G жүйесін қосқан еді», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бүгінгі таңда бүкіл әлем әлі 4G желісінде тұр, сонымен қатар 5G белгілі бір салалар мен тұтынушыларға қалай әсер ететіні әлі түсініксіз. Қытайдан басқа бұл жүйені Оңтүстік Корея ғана іске қосқан. Ал АҚШ, Ұлыбританияда тек бірнеше қала аталған желіге қосылған.

Үндістанда жарты миллион адам эвакуацияланды – CNN

Үндістанның шығысындағы Бангладеш ауданына циклон жақындағандықтан, жарты миллион адам эвакуацияланды, деп жазады CNN.

Сенбі күні Табиғи апатпен күрес министрі мемлекетке циклон жақындап қалғанын хабарлады. Оның айтуынша, циклон Бангладештен 200 км қашықтықта сағатына 15-20 км жылдамдықпен жылжып келеді.

«Біз барлық шараларды орындадық. Халық қауіпсіз жерге көшірілді», деді министр.

Аймақта жергілікті еріктілер халықты ақпараттандыру жұмыстарына көмектесіп жатыр. Сонымен қатар Читтагонг әуежайының жұмысы тоқтатылды. Жағажайға келетін циклон толқынының биіктігі екі метрге дейін барады деп күтілуде.

Циклон Батыс Бенгалия штатына да жетуі мүмкін. Үндістанның метеоролиялық басқармасы бұл циклонды сағатына 110-120 км жылдамдықтағы желі бар ең ірі циклон деп атады. Калькутта әуежайының да жұмысы тоқтатылды.

Әлемде капитализмді қолдау азайып жатыр - Project Syndicate

«Бүгінде біз адамзат тарихындағы түбегейлі технологиялық және экономикалық тарнсформация заманында өмір сүріп жатырыз. Сонымен қатар біз бүкіл әлем бойынша капитализмді қолдау азайып бара жатқанына куәміз. Бұл екі тенденция бір бірімен байланысты ма?», деп жазады Project Syndicate басылымы.

Автордың айтуынша, антикапитализм нарықтық неолиберализм мен жаһандану қатаң сынға ұшырағанда көкке өрлеген.

«Бірінші дүниежүзі соғысынан кейінгі монеталық жағдай әділетсіз көрініп, сынға ұшырады. Тура сол сияқты, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін жүйенің әділетсіздігі туралы идеялар кең тарай бастады», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, антикапиталистік пікірдің пайда болуына жалғыз қаржылық дағдарыс жеткілікті.

«Смартфон секілді инновациялар, интернет платфоралар адамдар арасындағы қарым қатынас пен бизнес жасау тәсілін өзгертті», деп жазады автор.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT