Қытай 4000 км/сағ жылдамдықпен қатынайтын пойыз шығармақ

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Қытай аэроғарыш ғылым және өнеркәсіп корпорациясы (CASIC) 1000-ден 4000 км/сағ жылдамдықпен қатынайтын пойыз жобасын жасап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

30 тамызда Қытайдың Ухань қаласында өткен Коммерциялық ғарыш жөніндегі 3-ші Қытай халықаралық форумында CASIC директорының орынбасары Лю Шикуан «ұшатын пойыз» жобасын жасап жатқандықтарын хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба дәстүрлі жоғары жылдамдықты көлік қозғалысын 10 есеге және  қолданыстағы азаматтық ұшақтың жылдамдығын  5 есеге дейін арттыруға қауқарды.

Бағдарлама 3 кезең бойынша іске асырылмақ. Бірінші кезекте 1000 км/сағ жылдамдықта жүретін «ұшатын пойыз» үшін өңірлік қалааралық желі салынады. Екінші кезекте 2000 км/с жылдамдықта қатынайтын пойыздар үшін Қытайдың ірі қалалары арасында  көлік желісінің құрылысы жүргізілмек. Сосын барып 4000 км/сағ жылдамдықпен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерді жалғайтын көлік құрылысы басталмақ.

Ерекше жобаны әзірлеуге 20 қытай және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелері қатысуда екен. Осы мақсатта тиісті салалардағы 200-ден аса патент сатып аланған.

Соңғы жаңалықтар