Қытай 3 жаңа атомдық сүңгуір кемені пайдалануға енгізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай елінің Әскери-Теңіз күштері (ӘТК) кемелерге қарсы дыбыстан жылдам зымырандар атқылай алатын вертикалды іске қосу жүйесі бар үш жаңа атомдық көпмақсатты сүңгуір кемені пайдалануға беруге дайындалып жатыр, деп хабарлады MIGnews-ке сілтеме жасаған Росбалт.

Қытай ӘТК өз сайтында жаңа нұсқаның шуды азайту, жылдамдық пен ұшқырлықты, сондай-ақ дыбыстан жылдам кемеге қарсы соңғы шығарылған қытайлық YJ-18 зымыранымен атқылау қабілетін жақсарту үшін жасалғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қытай өзінің суасты миссиялары мен патрульдерінің саласын кеңейтуде. Мемлекеттің көпмақсатты сүңгуір кемелері Құрама Штаттарға қарағанда әлдеқайда көп.

Бұдан басқа, қазіргі кезде қытайлықтар ПЛАРБ жаңа жаңғыртылған платформасын, сондай-ақ JL-3 радиусы үлкен зымырандарын шығару жұмыстарымен айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар