Қытай 2028 жылға қарай Айды зерттейтін халықаралық стансасын ашады
Оның айтуынша, Халықаралық Айды зерттеу стансасының (ILRS) негізгі конструкциясының құрылысы 2028 жылға дейін аяқталады.
Станса Айға қону аппараттарынан, Ай бетінде жүру және адам тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінен тұрады.
«Біз атом энергиясы арқылы ұзақ уақыт бойы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа энергетикалық жүйені әзірлеп жатырмыз. Ал коммуникациялық инфрақұрылым Ай мен Жер арасындағы немесе Марс сияқты басқа планеталармен байланысты қамтамасыз етеді», - деп келтіреді қытайлық ғалымның сөзін CCTV.
ILRS негізгі конфигурациясы «Чанъэ-6,7 және 8» миссиялары барысында іске қосылады.
Станция қолданысқа енгізілгеннен кейін оған алдымен қытайлық астронавтар, содан кейін басқа серіктес елдердің ғарышкерлері бара алады.
Алайда, көбіне станса бос тұрады.
Фото: Roscosmos/CNSA