Қытай 2025 жылы ғарышқа ақылы сапарларды іске асыра бастайды

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай 2025 жылы ғарышқа ақылы сапарларды іске асыра бастайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Хуанцю Шибао басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, Қытайдың коммерциялық ғарыш секторы суборбиталды ғарыш ұшырылымдарын 2025 жылы ұйымдастыра бастайды. Бұл ретте, билеттер құны 2-3 млн юань ($286,4 мың - 429,6 мың доллар) шамасында болады.

Басылымның жазуынша, Қытайдың коммерциялық аэроғарыш саласы нарығының жалпы көлемі 2030 жылға қарай 100 млрд юаньға (14,3 млрд долларға жуық) дейін жетуі ықтимал.

2021 жылы аталмыш елде спутниктер өндірісімен, ракеталардың ұшырылымымен және клиенттерге орбиталды спутниктер базасында қызметтер көрсетумен айналысатын 370-тен астам кәсіпорын тіркелген болатын.

Бұған дейін Virgin Galactic компаниясы ғарышқа сапарларды іске асыра бастағанын жариялаған болатын. Билет құны – 450 мың доллар.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар