Қытай 2023 жылы ғарышқа 60-тан астам кеме ұшырады

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай 2023 жылы ғарышқа 60-тан астам ұшырылым жасап, ұлттық ғарыш тарихындағы рекордын жаңартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қытай аэроғарыш ғылымы және технологиялар корпорациясы 50-ден астам ғарыш ұшырылымын жүргізеді. Сонымен қатар, Қытай аэроғарыш ғылымы және өнеркәсіп корпорациясын қоса алғанда, өзге кәсіпорындар және 10-нан астам ұшырылымды жүзеге асырады.

2023 жылы бірінші ұшырылымды «Чанчжэн-6В» зымыран тасығышы – экологиялық таза отынмен қозғалатын үш сатылы «Чанчжэн-6» модификациясы жүзеге асырады.

Жылдың бірінші жартысында «ZK-1 Y2» модификациясындағы қуатты қатты отынды зымыран тасығыштың дебюттік ұшырылуы күтіліп отыр.

2023 жылға арналған жоспарға сәйкес, Қытайдың бірінші орбиталық ғарыш станциясына тайконавтар мен жүктерді жеткізу үшін «Чанчжэн» әр түрлі модификациясындағы зымыран тасығыштар қолданыла бермек.

Сонымен қатар, Ай мен Марсты зерттеу жобалары аясында Қытай келесі ұрпақ зондтарын әзірлеу жұмыстарын жалғастырады. Айдың оңтүстік полюсінде су іздеу үшін «Чанъэ-7» ай зондын іске қосу жоспарланған.

Фото: russian.news.cn



Соңғы жаңалықтар