Қытай 2018 жылы 5G технологиясын іске қоспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 2018 жылы бесінші толқынға арналған 5G-ұялы байланыс жүйесі іске қосылмақ. Бұл коммерциялық жобаны Қытайдың ірі үш телекоммуникациялық операторы China Mobile, China Telecom және China Unicom бірлесіп іске қоспақ, деп хабарлайды Синьхуа . 

Жаңа толқындық жүйенің жаппай қолданылуы 2020 жылға қарай басталады.

China Telecom ұялы байланыс компаниясының  Гуанчжоу институтының директоры Ван Цинъянның айтуына қарағанда, корпорация жаңа технологияны 2018 жылдан бастап сынақтан өткізе бастайды.

Қазірдің өзінде China Telecom инновациялық жобаның экспериментальды нұсқасын Ланьчжоу, Чэнду, Шэньчжэнь, Сучжоу және Шанхай сияқты елдің бірқатар қалаларына қосқан.

China Mobile компаниясының 5G бірлескен инновациялық орталығы 2016 жылы Қытай мен шет елдерде 12 зертхана ашқан.  Технологияны әзірлеуге 112 ұйымның қызметкерлері тартылған.

Соңғы жаңалықтар