Қыстың соңғы күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 28 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантика циклоны ықпал етеді.

Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Елдің солтүстігінде бұрқасын соғады.

Қазақстан бойынша тұман түседі, жел күшейеді.

Соңғы жаңалықтар