Қысқы универсиадаға қатысатын Қазақстан хокккей құрамасы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтетін XXX Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысатын Қазақстан хоккей құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан хоккей федерациясынан мәлім еткендей, студенттер құрамасы 8 қаңтарда алғашқы дайындықты өткізіп, келесі күні Америкаға аттанады.

Универсиадада қазақстандықтар 13 қаңтар күні Кореямен бастапқы матчын өткізеді.

Сонымен, Қазақстан студенттер құрамасына мына ойыншылар кірді:

Қақпашылар:Роман Калмыков, Андрей Шутов (екеуі де – «Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»).

Қорғаушылар: Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Артем Королев, Кирилл Никитин, Абылайхан Сүлейменов (барлығы – «Номад»), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Кирилл Полохов («Арлан»).

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Әли Қасенов, Всеволод Логвин, Абай Маңғысбаев, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Алдияр Нұрлан, Әлихан Өмірбеков (барлығы – «Номад»), Саян Данияр, Руслан Демин («Сарыарқа»), Максим Мусоров («Химик», ЖХЛ)

Бас бапкер: Ғалым Мәмбетәлиев, бапкер: Александр Высоцкий.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан студенттер құрамасына бас бапкер тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Фото: icehockey.kz


Соңғы жаңалықтар