Қысқы Универсиада: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұп 10-орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада мәнерлеп сырғанауда жұптық сайыс өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұз үстінде билеуден жұптық сайыста еліміздің атынан Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев ел намысын қорғады. Олар 53.08 балл жинап, оныншы орынға тұрақтады.

Аталған сайыста бірінші орын АҚШ атынан сынға түскен Лоррен Макнамара мен Антон Спиридоновке бұйырды, олардың еншісінде 69.12 балл бар. Екінші орын 68.72 баллмен франциялық Мари Дюпайяж бен Тома Набе жұбына бұйырса, сол елден келген Наташа Лагуж және Арно Каффа 68.21 баллмен үздік үштікті түйіндеді.

Аталған сайыста барлығы 13 жұп сынға түсті.

Енді Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев 16 қаңтарда еркін бағдарлама бойынша сынға тсүеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық екі мәнерлеп сырғанаушы сайысқа түсті.

Сондай-ақ, универсиадада қазақстандықтар шаңғымен қоссайыстан бақ сынады.

Айта кетсек, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынайды.


Фото: prosports.kz

Соңғы жаңалықтар