Қысқы сессия жыл соңына дейін аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 қарашада қысқы сессия басталып кетті. Әдетте сессия жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан оқыту барысында педагогтарды цифрлық машыққа үйрету қажеттігі туындады. Өткен жазда осыған байланысты сессиялар өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараларды ұйымдастыруға атсалысты. Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен бірлесіп 7 сессия өткіздік», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындары залдарының есігі видео лекция жазу үшін ашық болғанын айтты.

«Көктемгі семестр кезінде оқытушылар видео лекцияны қолда бар құрылғыларымен жазуларына тура келсе, қазіргі уақытта сапалы түрде түсіруге мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі құжат түрінді есеп беруді электронды түрде есеп беруге алмастыру керектігі бұйрық шығардық. Барлық жоғары оқу орындарындағы құжат жұмыстары электронды форматқа ауысты, яғни оқуға түсу үшін құжаттарды электронды түрде өткізуге болады. Ал сессияға келер болсақ, 26 қарашадан бастап қысқы сессия басталып кетті. Әдетте сессия жылдың соңына дейін аяқталады, демек студенттер жаңа жылға дейін емтихан тапсырып, демала алады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар