Қысқы президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ чемпионаты аяқталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Қысқы президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық сайыс 12 команда арасында өтті. Екі күн бойы еліміздің 50 полицейі (оның ішінде 12-сі - қыздар) өзара мықтыны анықтады.

Чемпионат салтанатты түрде А. Винокуров атындағы Спорт сарайында ашылды.

«Бүгінгі жарысқа қатысушыларға жоғары нәтиже, абыроймен жеңіске жетулерін тілеймін. Бүгінгі іс-шара спорттағы жетістіктерді ғана көрсетіп қоймай, барлық өңір полицейлерінің, сонымен қатар өңір жастарының өзара қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізеді», - деді облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет.

Погондағы спортшылар өз дайындықтарын Макаров тапаншасынан атудан, күштік гимнастикадан көрсетті. Сондай-ақ шаңғы тебуден бақ сынасты. Ерлер 5 шақырымды, қыздар 3 шақырымды жүгіріп өтті.

Командалық есепте үшінші орынды Қостанай облысы Полиция департаментінің командасы, екінші орынды - сайыс иелері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің командасы еншілесе, жүлделі бірінші орын - Астана қаласы Полиция департаментінің командасына бұйырды.

32 жасқа дейінгі жекелей есепте ерлер арасында үшінші орынды астаналық қызметкер Нұрлан Байкенже, екінші орынды қарағандылық Бауыржан Абзал, бірінші орынды СҚО ПД полицейі Олег Гурский иеленді.

Қыздар арасында жекелей есепте үшінші орынды Қостанай облысының ПД қызметкері Екатерина Деткова, екінші орынды астаналық Нұрсәуле Дәуітқалиева, бірінші орынды СҚО ПД спортшысы Лидия Логинова алды. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен, сондай-ақ құнды сыйлықтармен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар