Қысқы Олимпиаданың соңғы күнінде жарысқа кімдер шығады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Ертең Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күнінде қазақстандықтар жалғыз спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ертең шаңғы спортынан әйелдер арасында 30 шақырымдық классикалық жарыс өтеді. Бұл сында Қазақстан атынан Анна Шевченко, Валерия Тюленьева және Елена Коломина қатысады.

Жарыс Астана уақытымен сағат 12: 15-те басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан спортшылары екі спорт түрінен бақ сынады. Оның бірі шаңғы спортынан ерлер арасында 50 шақырымдық классикалық жарыс болса, екіншісі конькимен жүгіру спортынан ерлер арасындағы масс-старт сайысы болатын.

Өкінішке қарай екі спорт түрінен де спортшыларымыз жүлделі орынға ие бола алмады. Шаңғы спортынан бар үміт артқан Алексей Полторанин үздік ондыққа да ілінбей қалса, конькиші Федор Мезенцев финалдық кезеңнің алғашқы іріктеу сынынан өтпей қалды.

Соңғы жаңалықтар