Қысқы Олимпиада: Қазақстан қай спорт түрлерінен лицензиялар алды
2022 жылғы 25 қаңтар 16:10

Қысқы Олимпиада: Қазақстан қай спорт түрлерінен лицензиялар алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков ақпан айында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына қанша лицензия берілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бейжіңдегі олимпиадалық команда құрамында 34 спортшымыз өнер көрсетеді. Бұл көрсеткіш алдыңғы олимпиадаларға қарағанда аз. Ал спорт түрлеріне келсек, айтарлықтай өзгеріс жоқ – 87 лицензиямыз бар. Осы аптада басқа спорт түрлері бойынша нақтыланады. Лицензиялардың басым бөлігін шаңғышылар (35), конькимен жүгірушілер (12) және биатлоншылар (12) жеңіп алды», - деді Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Шорт-трек бойынша – 9, фристайл-акробатикадан – 4, фристайл-могулдан – 6, трамплиннен шаңғымен секіруден – 4, тау шаңғысы спортынан – 3 және шаңғы үшсайысы бойынша – 3 лицензия бар.

Андрей Крюков қазір спортшылардың карантинге оқшауланып, дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатқанын еске салды: олардың екі тобы – Қазақстанда және үшеуі – шетелде орналасқан.


Jańalyqtar

MURAǴAT